ӨЗІҢНЕН БАСТА Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен қатар тұрғындардың мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін арттыру мақсатында «Өзіңнен баста» акциясы өз жалғасын табуда. Осы акцияның барысында меншік құқына жататын мүлік және 2011 жылғы табыс мөлшері жайында жариялайды:
І. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫ 1. Мұхамбетов Архимед Бегежанұлы - 2011 жылғы табыс көлемі 3 687 583 теңгені құрады. Ақтөбе қаласында орналасқан пәтер және жер учаскесіне сондай-ақ, 2007 ж.ш. «Тойота Лэнд Крузер» автокөлігіне иелік етеді. Жұбайының жеке табысы жоқ, үй шаруасымен айналысады. Меншік құқығында Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үй және саяжай учаскесі, сонымен қатар 2009 ж.ш. «Лексус» автокөлігі бар.
2. Әбдібеков Нұрмұхамбет Қанапияұлы – облыс әкімінің бірінші орынбасары. 2011 жылғы табысы 4 113 606 теңгені құрады. Жұбайының атына Ақтөбе қаласындағы 4 бөлмелі пәтер және бау-бақша массивінде жер телімі тіркелген.
3. Кемалова Роза Кеңесқызы – облыс әкімінің орынбасары. 2011 жылғы табыс көлемі 5327743 теңгені құрады. Ақтөбе қаласында 3 бөлмелі екі пәтер және бау-бақша учаскесі бар.
4. Тағымов Марат Мырзағалиұлы – облыс әкімінің орынбасары. 2011 жылғы табысы 1 534 610 теңгені құрады. Ақтөбе қаласында тұрғын үй, автотұрақ және саяжай тіркелген. Жұбайының өткен жылғы табысы 964817 теңге.
5. Нұрқатова Сара Қайыржанқызы - облыс әкімінің орынбасары. 2011 жылғы табысы 5 191 957 теңгені құрады. Ақтөбе қаласында 3 бөлмелі пәтер тіркелген. Жолдасының өткен жылғы табысы 1009927 теңге. 2003 ж.ш. «Тойота» автокөлігіне иелік етеді.
5. Петров Константин Викторович – облыс әкімі аппаратының басшысы. 2011 жылғы табыс көлемі 5 357 712 теңгені құрады. Ақтөбе қаласында 3 бөлмелі пәтер, жер телімі және саяжайға иелік етеді.
ІІ. ОБЛЫСТЫҚ БАСҚАРМА БАСШЫЛАРЫ:
1. Балмұханов Марат Нүренұлы – облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы. 2011 жылғы табысы 2 350 106 теңгені құрады. Ақтөбе қаласында 3 бөлмелі пәтері және 2002 ж.ш. «Тайота-Камри» автокөлігі бар. Жұбайының меншік құқында табыс және мүлкі жоқ.
2. Құлмағамбетов Асылбек Қалдыбайұлы – облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы. 2011 жылғы табыс сомасы – 2 311 506 теңгені құрады. Ақтөбе қаласында 3 бөлмелі пәтері және «Саяжай-1» ауданында жер учаскесі бар. Жұбайының өткен жылғы табысы 375 060 теңгені құрады. 2005 ж.ш.«Мерседес-Бенц» маркалы автокөлігіне иелік етеді.
3. Самұратова Жанат Бақытжанқызы – облыстық білім басқармасының бастығы. 2011 жылғы табыс көлемі 2 820 274 теңгені құрады. Астана қаласында 1 бөлмелі пәтері және Ақтөбе қаласындағы саяжай кооперативінде жер учаскесі тіркелген.
4. Жұмабаева Зәпен Жақсыбайқызы – облыстық ішкі саясат басқармасының бастығының Ақтөбе қаласында 1 бөлмелі пәтері бар. Оның 2011 жылғы табысы 2 066 113 теңгені құрайды.
5. Жұмағазиев Мұхтар Сабырұлы – облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы. Оның 2011 жылғы табысы 2 223 365 теңгені құрады, 2 839 553 теңге БТА банкінде 2 депозитке салынған. Ақтөбе қаласында 3 бөлмелі пәтері бар. Жұбайының өткен жылғы еңбек табысы 178 339 теңгені құрады, БТА банк депозитіне 115 049 теңге салынған және 2008 ж.ш. «Тойота Прадо» автокөлігі бар.
6. Есжанов Асқар Қуанышұлы – облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы. Оның 2011 жылғы табысы 1969991,2 теңгені құрады. Жұбайының өткен жылғы табысы 1675278,34 теңге. Отбасының атында мүлік және автокөлік тіркелмеген.
7. Орынбаев Серік Шәңгерейұлы – облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы. 2011 жылғы табысы 2008896 теңгені құрады. Жұбайы Ақтөбе қаласындағы 3 бөлмелі пәтерге иелік етеді.
8. Табылдинова Нәзира Сәрсембайқызы – облыстық мәдениет басқармасының бастығы. 2011 жылғы табыс көлемі 2683202 теңгені құрады. Ақтөбе қаласында 2 бөлмелі пәтері және «Домбыра» саяжай ұжымында жер учаскесі бар.
9. Боранбаев Нұрлан Ақабайұлы – облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы. 2011 жылғы табыс мөлшері 2 189 726 теңгені құрады. Ақтөбе қаласында 2 және 4 бөлмелі пәтерлері және 1997 ж.ш. «Тайота Карина» автокөлігі бар. Жұбайының меншігінде жеке табысы мен мүлкі жоқ.
10. Мұқанов Кенжетай Бияшұлы – облыстық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы. 2011 жылғы табыс көлемі 2 907 373 теңгені құрады. Ақтөбе қаласында 4 бөлмелі пәтер және «Бірілік» тұрғын үй массивінде жер учаскесі бар. Жұбайы Ақтөбе қаласындағы 3 бөлмелі пәтер мен әкімшілік ғимаратқа, сондай-ақ, 2007 ж.ш. «Тайота Прадо» автокөлігіне иелік етеді.
11. Блиев Ерлан Асқарұлы – облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының бастығы. 2011 жылғы табыс көлемі 1 613 295 теңгені құрады. «Қызылжар» тұрғын үй массивінде жер учаскесі бар.
12. Сабыр Қайрат Қанатұлы – облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы. 2011 жылғы табыс мөлшері 2 385 051, 48 теңгені құрады. Жұбайы уақытша жұмыссыз, «Tойота» автокөлігіне иелік етеді. Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үйде тұрады.
13. Елеусіз Қанатбай Елеусізұлы – «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ бастығы. 2011 жылғы еңбек табысы 1 758 000 теңгені құрады. Ақтөбе қаласында 5 бөлмелі пәтерге иелік етеді. Жұбайының атына мүлік тіркелмеген, зейнеткер.
14. Төлебаева Гүлайым Тельманқызы – «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ бастығы. 2011 жылғы табысы 2 544 714 теңгені құрады. Ақтөбе қаласында 2 бөлмелі және 3 бөлмелі пәтерлерге, сондай-ақ, «Движенец» саяжай ұжымында жер учаскесіне иелік етеді.
15. Нұршин Қанат Қуанышұлы – облыстық құрылыс басқармасының бастығы. 2011 жылғы табыс көлемі 1900065 теңгені құрады. Ақтөбе қаласында 2 бөлмелі пәтер және «Рауан» шағын ауданында жер учаскесі бар. Жұбайының атына табыс және мүлік тіркелмеген.
16. Үсенғалиев Әлімжан Ержанұлы – облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы ММ бастығы. 2011 жылғы табыс көлемі 2213518 теңгені құрады. Жұбайының табысы 238653 теңге. Отбасы жылжымалы және жылжымайтын мүліктерге иелік етпейді.
17. Еңсегенұлы Сағат – облыстық қаржы басқармасының бастығы. 2011 жылғы табысы 2 714 456 теңгені құрады. Ақтөбе қаласында 5 бөлмелі пәтер және 2002 ж.ш. «Мерседес-бенц» автокөлігі бар. Жұбайының өткен жылғы табысы 1135769 теңгені құрады. Ақтөбе қаласында 4 бөлмелі пәтер, 7 кооперативтегі гараж және 2007 ж.ш. «Ниссан» автокөлігіне иелік етеді.
18. Сәрсенғалиев Қабай Қаленұлы – облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы. Оның 2011 жылғы табысы 2262369 теңгені құрады. Ақтөбе қаласында жеке тұрғын үй және жер учаскесі бар. Жұбайының өткен жылғы табысы 637600 теңгені құрады. Ақтөбе қаласында пәтер және «Наурыз» дүкені, «Zetc Xundai» автокөлігіне иелік етеді.
19. Тасмағанбетов Ғани Мерғалиұлы - облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы. 2011 жылғы табыс көлемі 4774877,89 теңгені құрады. Жұбайының өткен жылғы табысы 1252590 теңге. Отбасы жылжымалы және жылжымайтын мүлікке иелік етпейді.
ІІІ. АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ ЖӘНЕ АУДАН ӘКІМДЕРІ 1. Омаров Ерхан Болатжанұлы - Ақтөбе қаласының әкімі. 2011 жылғы еңбек ақысы 4 338 829 теңгені құрады. Ақтөбе қаласында 4 бөлмелі пәтерге иелік етеді. Жұбайының өткен жылғы табысы 640 000 теңге. 2008 ж.ш. «Лексус» маркалы автокөлігі тіркелген.
2. Сағиев Айбек Игілікұлы – Алға ауданының әкімі. Оның 2011 жылғы табыс мөлшері 2 338 190 теңгені құрайды. Ақтөбе қаласында 3 бөлмелі пәтері бар. Жұбайының табысы өткен жылы 773300 теңгені құрады.
3. Дуанбеков Мирхан Қайырханұлы – Ырғыз ауданының әкімі. Оның 2011 жылғы табыс көлемі 2263226 теңгені құрады. Жұбайының өткен жылғы табысы 19200 теңге. «Елшіхан» ЖШС-нің жарғылық капиталдағы қатысу үлесі 100-ды құрайды. Ақтөбе қаласында 2 бөлмелі пәтер, Ырғыз селосында жер учаскесімен көлікжай және Ырғыз селосындағы дүңгіршекке иелік етеді.
4. Қаниев Бауыржан Нұралыұлы – Темір ауданының әкімі. Оның 2011 жылғы табысы 4444100 теңге. Жұбайының меншік құқында табыс тіркелмеген. Қандыағаш қаласындағы тұрғын үйге иелік етеді.
5. Аққағазов Мамырғали Досқұлұлы – Байғанин ауданының әкімі. 2011 жылғы табыс көлемі 1192580 теңгені құрады. 2003 ж.ш. «Тойота Прадо» автокөлігіне иелік етеді. Жұбайының өткен жылғы табысы 444350 құрады. Алға қаласында үй, саяжай және көлікжай тіркелген. Ақтөбе қаласында 2 бөлмелі пәтер және Ақжар-2 шағын ауданында жер учаскесі бар.
6. Шаңғұтов Серік Тілеулесұлы – Мұғалжар ауданының әкімі. 2011 жылғы табысы 2807226 теңгені құрады. «Құмжарған» және «Сорқұдық-АШ» ЖШС қаржылық үлестері қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сенімгерлік басқаруға берілген. Мұғалжар ауданында тұрғын үй және «Диас» шаруа қожалығында, сондай-ақ, Ақтөбе қаласындағы «Саяжай-1» елді мекенінде жер учаскелері бар. Жұбайының атына «Диас» шаруа қожалығы тіркелген, өткен жылғы табысы 720 000 теңгені құрады.
7. Османғалиев Аязбай Қайырғалиұлы – Хромтау ауданының әкімі. 2011 жылғы еңбек табысы 2 535 349 теңгені құрады. Жұбайының табысы 205 554 теңге. Ақтөбе қаласында 1 және 2 бөлмелі пәтерлерге иелік етеді.
8. Абдуллин Мавр Ерғалиұлы – Ойыл ауданының әкімі. 2011 жылғы табысы 1 658 481 теңгені құрады. Ақтөбе қаласында 3 бөлмелі пәтерге иелік етеді. Жұбайының табысы өткен жылы 405859 теңгені құрады.
9. Жүсібалиев Асқар Қазиханұлы – Қобда ауданының әкімі. 2011 жылғы табысы 2 953 746 теңге. Ақтөбе қаласында 2 бөлмелі пәтері бар. Жұбайының табысы былтыр 1 448 919 теңгені құрады. Ақтөбе қаласында 3 бөлмелі пәтері және Жаңақоныс ауылында жер учаскесі бар. 1 500 000 теңге «БТА» банкіне депозитке салынған.
10. Ибрашев Мәлімбет Ерғалиұлы – Қарғалы ауданының әкімі. Оның 2011 жылғы табысы 2 515 329,35 теңгені құрады. Меншік құқығында жылжымайтын мүлік жоқ, «Arti Cat» қарда жүргіш көлік құралы тіркелген.
11. Елеусізов Мәди Қанатбайұлы – Мәртөк ауданының әкімі. 2011 жылғы табыс көлемі 2376109 теңгені құрады. Ақтөбе қаласындағы пәтерге иелік етеді. Жұбайының меншік құқында табыс және мүлік тіркелмеген.
12. Бердалин Аманғали Бисенбайұлы - Әйтеке би ауданының әкімі. Оның 2011 жылғы табыс көлемі 687 000 теңгені құрады. Ақтөбе қаласында тұрғын үй, жер учаскесі тіркелген. «Тойота Ланд крузер» автокөлігі бар. Жұбайының өткен жылғы табысы 540 000 теңгені құрады. Ақтөбе қаласындағы пәтерге иелік етеді.
13. Сыдықов Рахат Мәжитұлы – Шалқар ауданының әкімі. Оның 2011 жылғы еңбек табысы 4 357 185 теңгені құрады. Шалқар қаласында тұрғын үй және жер учаскесі бар. Жұбайының атында жер учаскесі тіркелген.
|