Modules

 
   
 

АлғашқыАлғашқы
AccountAccount
FAQFAQ
NewsNews
VotingVoting
Бізбен байланысБізбен байланыс
Жаңалықтар мұрағатыЖаңалықтар мұрағаты

 
   
   
 

Мем.рәміздері

 
   
 


Мемлекеттік рәміздері

 
   
   
 

Мемлекеттiк қызмет

 
   
 

Құрметты сайт қонақтары!
Енді біздің сайтымызда ҚР заңнамалары бойынша өздеріңізді сынау мақсатында тестілеуден өтулеріңізге болады.

Тестілеуді бастау

Мемлекеттiк қызмет: мемлекеттiк қызметшiлердiң позитивтi имиджiн құру

Кадрлық қамтамасыз ету


 
   
   
 

Акциясы

 
   
 

«Нұр Отан» ХДП
«Өзіңнен баста!»

 
   
   
 

СТК және СФС реестрлер

 
   
 


СТК және СФС бойынша ақпараттық орталығы мәлiмет бередi
 

 
   
   
 

Бизнесті қорғауы

 
   
 

 
   
   
 

Стратегиялық жоспар

 
   
 

«Ақтөбе облысы әкімі аппараты» ММ 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
 
   
   
 

Мемлекеттік сатып алу

 
   
 


Хабарландырулар, хаттамалар,
конкурстық құжаттамалар


2010 жылға мемлекеттiк сатып алулар (мұрағат)


2009 жылға мемлекеттiк сатып алулар (мұрағат)


2008 жылға мемлекеттiк сатып алулар (мұрағат)

 
   
   
 

Лицензиялау

 
   
 

ҚЫЗМЕТТIҢ ЛИЦЕНЗИЯЛАНУЫ
 
   
   
 

Жаңалықтар

 
   
 


Ақтөбе облысының әкімшілігі өткізетін Қазақстандық мазмұнның үлкеюi бойынша жұмыс туралы мәлiмет

Қазақстандық мазмұнның еншiсiн дамыту

Жаңалықтар

Фотоальбом
 
   
   
 

Астықпен қамту

 
   
 


Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттiк қорлардың астықтарын алу және шығын туралы мәлімет

 
   
   
 

ӘЭП паспорт

 
   
 

Әлеуметтік-экономикалық паспорт (Ақтөбе облысы)


Жалпы мәліметтер

Нысаналы индикаторлары

Инвестиция үшін өңірдегі тартымды бағыттар

2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы ауқымында іске асырылған жобалары

 
   
   
 

 
   
 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері


Қазақстан Республикасындағы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама

«Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы

Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары


Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2009-2010 жылдарға арналған бағдарламасы

 

 
   
   
 

Сауда-өнеркәсіп палатасы

 
   
 

 
   
Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам
News «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам»: баянды бастау, ізгілікті ілгерілеу.

Кеше облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалық етуімен облыс активінің кеңесі өтті. Жиынға облыс әкімдігі мен мәслихат өкілдері, Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері, қалалық және селолық округтердің әкімдері, облыстық атқару және құқық қорғау органдарының, аудандардың ішкі істер бөлімдерінің, аудандық прокуратуралардың, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жоғары оқу орындарының, колледждердің, лицейлердің, денсаулық сақтау мекемелерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, облыстағы ірі және орта кәсіпорындардың, кәсіподақ ұйымдарының басшылары, ардагерлер қатысты.   

Облыстың аудандары мен қалаларының әр түрлі құрылымдарының және селолық өңірлердің бес жүздей өкілдері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің мәні жағынан ұлтқа үндеу болып табылатын «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласын жүзеге асыру бойынша әрекеттер стратегиясын талқылауға мейлінше мүдделілікпен қатысты.

Облыс активінің жұмысын аша отырып, Архимед Мұхамбетов ақтөбеліктер еліміздің Президенті алға қойған елімізді әлеуметтік жаңғырту міндеттерін өмірге енгізуге өз үлестерін қосуы тиіс деп атап көрсетті.

«Бұл — бүгінгі күн үшін маңызды бағдарламалық құжат, оның жүзеге асуының табыстылығы оны орындау бойынша біздің әрекеттеріміздің стратегиясы қаншалықты нақты мазмұнмен және нақты іспен құрылымдалуына тікелей байланысты»,— деді жиналғандар алдындағы сөзінде аймақ басшысы.

Әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың басты міндеті экономикалық жетістіктер және қоғамдық игіліктермен қамтамасыз ету арасындағы оңтайлы теңдестікпен тұжырымдалатыны белгілі. Сондықтан да кеңесте әлеуметтік салаға да, сонымен бірге аймақтың алдағы экономикалық дамуына да қатысты мәселелердің кең ауқымы қаралды.

Облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова жұмыссыздарға, өз бетімен еңбек ететіндер мен аз қамтылған азаматтарға мемлекеттік қолдаудың жаңа формаларын біріктірген «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының аймақта жүзеге асырылуы барысы және тұрғындардың жұмыспен қамтылуы жайына тоқталды. Ағымдағы жылы облыста аталған бағдарлама бойынша жалпы сомасы 2376,1 млн. теңгеге төрт негізгі бағыттар бойынша бес мыңдай адам қамтылуы жоспарлануда. Баяндамашы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, тағы басқа салаларда қызметкерлер категориялары арасында еңбек ресурстарының жетіспеушілігі тұрғысында атап көрсетіп, соған байланысты биыл алдағы жылдарға облыс колледждерінде еңбек нарығында қажет болып табылатын мамандықтар тізіміне мемлекеттік тапсырысты қайта қарау қажеттігіне тоқталды.

Сара Нұрқатова сонымен бірге әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді модельдерін қалыптастыру, азаматтық қоғам институттарын және азаматтардың әлеуметтік ұмтылыстарын жүзеге асырудың белсенді құралына айналуы тиіс үкіметтік емес сектормен тығыз әріптестікті дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Баяндамашы сөзінің қорытындысында еңбекке, таза кәсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық сезімдерге оң көзқарасты қалыптастыру біздің қоғамымыздағы әлеуметтік жаңғыртудың негізгі мақсатына айналуы тиістігін атап өтті.

Архимед Мұхамбетов айтылған жайларды қорытындылай отырып, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша азаматтарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуді, сондай-ақ 2013-2015 жылдарға Жұмыспен қамту картасын қалыптастыруды аяқтауды тапсырды. Бақылау және тұрғындарды әлеуметтік қорғау департаментіне өндірісте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылауды күшейту, ақтөбелік кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақының дер кезінде төленуін қамтамасыз ету тапсырылды. Кәсіподақтардың облыстық кеңесі еңбек дауларының алдын алу бойынша жұмыстарды жандандырып, еңбек даулары мен жанжалдарды реттеу мақсатында еңбек ұжымдарында ақпараттық-түсіндіру шараларын жүйелі жүргізуі қажет. Оқушылармен тәрбие жұмыстарын күшейтуге, жастарды кәсіби білім алуға бағытталған бірқатар тапсырмалар облыстық білім басқармасына жүктелді.

Қолда бар резервтерді пайдалану негізінде облыс экономикасын одан әрі дамытудың перспективасы туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрмұхамбет Әбдібеков хабарлама жасады. Баяндамашы өткен кезеңде өнеркәсіп өндірісі көлемі 630 млрд. теңге (2011 ж.- 601 млрд.теңге), нақты көлем индексі 105,9% болғандығын атап көрсетті. Аграрлық сектордың жиынтық өнімі 37,6 млрд. теңге (2011 ж.- 31,9 млрд. теңге), нақты көлем индексі 102,7% құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 44%-ға өсіп, 52 млрд. теңгеге жетті. 166,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 10%-ға артық. Негізгі қорға инвестиция көлемі 7%-ға өсіп, 162 млрд. теңгеге жетті (2011 ж.- 146,6 млрд. теңге). Шағын және орта кәсіпорындардың санының 3,6%-ға өсуі байқалды. Аймақтағы инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен төмен және 102,4% құрайды.

Оң ілгерілеумен ерекшеленген бірінші жартыжылдықтың қорытындылары туралы қысқаша хабардар еткен баяндамашы облыстың аудандарындағы экономика құрылымдарындағы орын алған теңсіздіктерге нақты тоқталды. Өнеркәсіп өндірісінің қарқыны Қарғалы ауданындағы 55,5%-дан Мұғалжар ауданындағы 0,3%-ға дейінгі ауқымды қамтиды. Облыстың бес ауданында ғана (Алға, Әйтеке би, Ойыл, Хромтау, Шалқар) және Ақтөбе қаласында инвестициялар көлемінің өсуі байқалады.

Бюджетке шағын және орта бизнес субъектілерінен түсімдердің жалпы өсіміне (118,5%) қарамастан, Қобда, Темір, Мәртөк, Мұғалжар, Шалқар, Ырғыз және Хромтау секілді аудандарда олардың төмендеуіне жол берілді. Мұның себебі кейбір шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметінің тоқтатылуы болып табылады, бұл кәсіпкерлікті қаржылық және сервистік қолдаудың қолда бар құралдарын пайдаланудағы аудандардағы әкімшіліктердің жеткіліксіз жұмыстары туралы растайды.

Қолда бар резервтерді пайдалану негізінде аймақ экономикасын одан әрі дамытудың перспективалық бағыттары туралы хабарламаны тыңдағаннан кейін облыс әкімі бірқатар нақты тапсырмалар берді. Мәселен, Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдеріне қолда бар резервтерді саралап, аймақ экономикасын нығайту мақсатында оларды жүзеге асырудың шараларын жасауды, инвестицияларды тарту жөніндегі жұмыстарды жандандыруды, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру барысына бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Бұдан басқа, 2010-2011 жылдарда іске қосылған жобалардың жобалық қуатын игеру бойынша ықпал етіп, әрбір жобаның жүзеге асырылу мерзімдерін нақтылау мен қаржыландыру мәселелерін тыңғылықты жасаумен Индустрияландыру картасына енгізу үшін жобаларды дайындау қажет. Аймақ басшысы шағын және орта бизнес субъектілеріне тиісті ресурстық және сервистік қолдау көрсете отырып, олардың қызметтерін белсенді жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру қажеттігіне ерекше назар аударды. Аудандар мен селолық округтердің әкімдеріне жаңа технологияны қолдану және мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін көтеру, егіс алқаптарының тиімділігін сақтау негізінде ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту бойынша жұмыстарды жалғастыру тапсырылды.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселені қарау барысында Архимед Мұхамбетов жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың ажырамас шарттарының бірі қоғамдық қауіпсіздік пен тиісті құқық тәртібін қамтамасыз ету екендігін атап көрсетті.

«Мемлекет басшысы кейінгі өткізген кеңестерінің бірінде құқық қорғау органдары үшін елде заңдылықты сақтау мен тұрақтылықты қамтамасыз етуден артық маңызды міндет жоқ екендігін атап көрсетті. Бұл жөнінде сіздер бір сәтке де ұмытуға тиіс емессіздер»,— деді облыс әкімі күштік құрылымдар басшыларына арнаған сөзінде.

Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Мұхаран Әміров пен облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің хабарламаларын тыңдаған аймақ басшысы қылмыс деңгейін азайтуға және бұл бағытта қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көтеруге бағытталған бірқатар тапсырмалар берді. Негізінен Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, қоғамдық орындарда, көшелерде жасалған қылмыстардың, мал ұрлығы мен пәтер тонаудың алдын алуға бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жандандыра түсуі қажет. Сонымен бірге, жергілікті атқарушы органдар қоғамдық тәртіпті қорғауға азаматтардың қоғамдық құрылымдарын тарту, ауыл шаруашылығы малдарына идентификациялау жүргізуді жеделдету бойынша қосымша шаралар алуы тиіс. Аудандардың орталықтары мен Ақтөбе қаласының жаңа құрылыстарын және екінші дәрежелі көшелерді жарықтандыруды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуі қажет.

Облыстық ішкі істер департаменті мен білім басқармасына кәмелетке жасы жетпегендер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмыс жасауды ескерту бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттігі атап көрсетілді.

Облыстық активтің жұмысын қорытындылай келе, Архимед Мұхамбетов еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Үкімет пен атқарушы билік органдары алдына қойған үш басты міндеті — индустрияландыру, аймақтарды тепе-теңдікте дамыту және әлеуметтік жаңғырту мәселелерін тағы да қайталап айтты.   

«Мемлекет басшысы біздің әрқайсымыз өз жұмыс орындарымызда сөзсіз орындауымызға тиісті қызметтің түйінді бағыттарын белгілеп берді»,— деп облыс әкімі жиналғандар назарын бір арнаға жинақтады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.


[ Принтерден шығар | Досыңызға жолдаңыз ]
Мақалалар рейтингі

Орташа баға:0.00/0Орташа баға: 0Барлық дауыстар:0

Тамаша
Жақсы Орташа Жарайды Нашар

 

   
 

Сайттың тілі

 
   
 

Қазақша  |  Русский

 
   
   
 

Елбасы

 
   
 


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
 
   
   
 

Облыс Әкімі

 
   
 



Облыс әкімі блогы
* * *
Сұрақ қою


Облыс әкімнің есебі (2011ж.)

Облыс әкімнің есебі (2010ж.)
* * *

2011 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы әкімдердің есебі барысында айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертпелерін іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы

 
   
   
 

ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

 
   
 

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРХИМЕД МҰХАМБЕТОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РСЕПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
 
   
   
 

Халық IPO

 
   
 

 
   
   
 

Салауатты Қазақстан

 
   
 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың
2011 – 2015 жылдарға арналған
«Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

 
   
   
 

ЕСЕП БЕРУ КЕСТЕСІ

 
   
 

Ақтөбе облысы және қаласы, аудан әкімдерінің тұрғындар алдында есеп беру кездесуінің КЕСТЕСІ
 
   
   
 

Азаматтарды қабылдау

 
   
 

 
   
   
 

АӨҚО

 
   
 

Мекенжайы және жұмыс тәртiбi

АӨҚО информациялық - бiлiм беретiн орталық

(жұмыс тәртiбi: күнде– 09:00 бастап 18:00 дейін

демалысы – сенбі, жексенбі

Ақтөбе қ., Жанқожа батыр к-сі, 28 офис 307, тел. (7132) 57-89-02

 
   
   
 

Сенiм телефондары

 
   
 

Кризиске қарсы шаралардың iске асыруына және халықтың жұмыспен қамтылуының стратегиясының қамтамасыз етуiнiң облыстық комиссияның сенiмiнiң телефондары:

Алімов Куанткан Мырзабекоұлы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы: 560509, қабылдау бөлмесі 564907;

Орынбаев Серік Шангерейұлы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы: 560043, қабылдау бөлмесі 545714;

Подлесная Ирина Иннокентьевна, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы: 541608;

Мажитов Руслан Шамшадинович, аппарат әкімшілігінің мемлекеттiк-құқықтық жұмыстары бөлiм меңгерушiсi: 932053.

 
   
   
 

Мемлекеттік басқару академиясы

 
   
 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

 
   
   
 

Хабар

 
   
 

2008-2010 жылдар мерзiмге Ақтөбе облысы бойынша әлеуметтiк мағыналы жобалардың iске асыруына ерекшеленген құралдар туралы хабар
 
   
   
 

Іскерлік байланыстар

 
   
 

 
   
   
 

Методика ИТ

 
   
 

Загрузить

 
   
   
 

Балалар

 
   
 

 
   
   
 

ҚРП

 
   
 


Ақтөбе облысы бойынша қоғамдық рұқсат пункт дислокациясы
 
   

Powered by SLAED CMS SLAED. All rights reserved.