
Ақтөбе облысы бойынша салық департаменті хабарлайды Мерзімі: 21.07.2012 Тақырып:
Ақтөбе облысы бойынша салық департаменті хабарлайды, қазіргі таңда салықтық бережағы жоғы жоқ екені, міндетті зейнетақы төлемдері және әлеуметтік аударымдар туралы анықтама (бұдан әрі- анықтама) электронды түрде web – қосымша «Салық төлеуші кабинеті», (бұдан әрі- СҚ кабинеті), Электронды Үкімет порталы (бұдан әрі - ЭҮП), электронды мемлекеттік сатып –алу ақпараттық жүйесі (бұдан әрі- ЭМС) арқылы беріледі. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық Кодексінің 598 бабы 4 тармақшасы бойынша анықтама 1) Қағаз жүзінде табыс етілген жағдайда- анықтама берген салық органының басшысының қолымен, оның міндетін атқарушымен немесе басшысының орынбасарымен және салық органының мөрімен куәландырылады. 2) Электронды түрде- уәкілетті органның электронды цифрлы қолымен куәландырылады. Қазақстан Республикасы №370-II 07.01.2003ж «Электроды құжат және электронды цифрлы қолы туралы» заңының 7 бабына сәйкес электронды құжат электронды құралдармен жасалып, берілуі, сақталуы және ұсынылуы мүмкін. Осы аталған Заңның талаптарын сай электронды құжат қағаз жүзінде тапсырылған құжатпен тең. Жоғарыда айтылғандай, электронды түрде қабылданған аықтаманы, мемлекеттік сатып-алу байқауына қатысу үшін конкурстық комиссияға ұсынуға болады, яғни салық органының мөрі, тірі қолы, анықтама нөмірі және анықтама берген салық органының шығыс нөмірі қажет етілмейді. Мемлекеттік сатып алу жүргізетін конкурс ұйымдастырушыларының назарына, ЭҮП және «Салық төлеуші кабинеті» арқылы алынған анықтамаларда аталған системалар тағайындаған уникальды кодтары болатынын хабарлаймыз. Аталған уникальды код арқылы салық төлеуші ұсынған деректердің нақтылығын тексеруге болады. ЭҮП «Құжатты тексеру» бөлімінде «Қызметті тексеру» және «Чекті тексеру» бөлімшелерінде анықтаманың уникальды кодын және СТН/БСН енгізу қажет. «Салық төлеуші кабинеті» ашық бөлімінде тіркелу қажет, сосын анықтаманың уникальды кодын немесе салық төлеушінің СТН/БСН енгізу қажет.
|