| | | | | | Бизнесті қорғауы | | | | | | | |

| | | | | |
| | | | | | Сауда-өнеркәсіп палатасы | | | | | | | |

| | | | | |
| | Облысымыздағы ең бір проблемалық, осы кезге дейін шешімі қиын саналатын шаруалардың бірі Ырғыз жолы болып келгені жалпы жұртқа мәлім. Енді осы істің жайы оңынан туа бастағалы өңір тұрғындарының көңілі көтеріңкі. Әсіресе, облыс орталығына қатынас реті ай өткен сайын жақсарып, күні ертеңгі күнгейлі көріністің келбеті айқындала бастағандай болып көрінеді.
Өткен жұма күні облыс әкімі Елеусін Сағындықов жұмыс барысындағы Ырғызға сапарын ең әуелі осы аймақты басып өтетін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» мегажобасы жаңғырту жұмыстарымен танысудан бастады. Республика аумағы арқылы өтетін 2309 шақырымдық стратегиялық маңызды жол құрылысы жөндеуге жатады деп есептелсе, соның 621 шақырымы Ақтөбе облысына тиесілі. | |
|
| Әйтеке би ауданының Аралтөбе елді мекенінде жаңа білім ордасы ашылды. Өткен аптада Қызылжұлдыз орта мектебінің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова арнайы барып, ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісіп қайтты.
- Елбасымыздың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасына орай облысымызда талай игі істер атқарылуда. Соның айғағы - өңіріміздегі білім ордаларына бөлінетін қаржы өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артып отыр. Алдағы уақытта Әйтеке би ауданында бұдан басқа да екі мектеп ашылады. Әрбір бүлдіршіннің болашағы шыңдалатын осындай еңселі ордада Отанымыздың гүлденуіне үлес қосар ұрпақ көп тәрбиеленетініне сенімім мол. Биыл облыс әкімі Елеусін Сағындықов республикада тұңғыш рет мұғалімдер қауымын қолдаудың кешенді бағдарламасын жасап отыр. Мыңға жуық үздік педагог облыс әкімінің грантына ие болмақ. Солардың ішінде сіздердің де мектептеріңіздің екі мұғалімі бар. Сіздерді бүгінгі қуаныштарыңызға ортақтаса отырып, алдағы білім күнімен құттықтаймын, - деді ашылу салтанатында алғаш сөз алған Сара Нұрқатова. | |
|
| Өткен жұма күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында үкіметтік емес ұйымдардың төртінші облыстық конференциясы болып өтті.
Оған облыстың үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, депутаттар, ардагерлер, халықаралық ұйымдар еріктілері, бизнес, ұлттық мәдени орталықтар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, мемлекеттік органдар, жоғары және орта оқу орындарының басшылары қатысты. Бас қосудың тақырыбы облыстағы мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өзара байланысы, проблемалары мен перспективаларына арналды. Сонымен бірге осында алдағы 6-7 қазан күндері Астана қаласында өтетін IV азаматтық форумға делегаттар сайлау мәселесі қаралды. Осындай ауқымды мәселелерді кеңінен қамтып, облыс әкімінің орынбасары, облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өзара байланысы жөніндегі кеңестің төрайымы Сара Нұрқатова баяндама жасады. Ол Елбасының, еліміздің мемлекет пен қоғамның бірлескен іс-әрекетінің жаңа сатысындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық табыстарын айрықша атап көрсетті. Экономикалық дағдарыс жағдайында да облыстың бұрынғы жылдардағыдай, әлеуметтік-экономикалық жоғары көрсеткіштерге жетіп отырғанын айта келіп, жарты жылдықтың нақты мәліметтерін алға тартты.
| |
|
Барлығы 478 жазу бар 96 бетте 5 әр бетте [<<] [ 1 | ... | 89 | 90 | 91 | 92 | 93 | 94 | 95 | 96 ] |
|
| | | | | | | Салауатты Қазақстан | | | | | | | |
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы | | | | | |
| | | | | | АӨҚО | | | | | | | | Мекенжайы және жұмыс тәртiбi
АӨҚО информациялық - бiлiм беретiн орталық
(жұмыс тәртiбi: күнде– 09:00 бастап 18:00 дейін
демалысы – сенбі, жексенбі
Ақтөбе қ., Жанқожа батыр к-сі, 28 офис 307, тел. (7132) 57-89-02 | | | | | |
| | | | | | Сенiм телефондары | | | | | | | | Кризиске қарсы шаралардың iске асыруына және халықтың жұмыспен қамтылуының стратегиясының қамтамасыз етуiнiң облыстық комиссияның сенiмiнiң телефондары:
Алімов Куанткан Мырзабекоұлы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы: 560509, қабылдау бөлмесі 564907;
Орынбаев Серік Шангерейұлы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы: 560043, қабылдау бөлмесі 545714;
Подлесная Ирина Иннокентьевна, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы: 541608;
Мажитов Руслан Шамшадинович, аппарат әкімшілігінің мемлекеттiк-құқықтық жұмыстары бөлiм меңгерушiсi: 932053. | | | | | |
| | | | | | Балалар | | | | | | | |

| | | | | |
|