Екі елдің жақындасуы, бір-біріне өзара ізгілік сезімдерін білдіруі әдетте көңіл жылытады. Биылғы сәуір айында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов басқарған жергілікті делегацияның Татарстан Республикасында болуы, онда ел Президенті Рустам Миннихановтың өзі күтіп алып, көптеген экономикалық, әлеуметтік-рухани мәселелердің бірлесе, жан-жақты шешілуіне осындағы жүздесулер барысында жол ашылғандай болғаны бар-ды. Сол сапарда Ақтөбе жерінде сабантой өтетіндігі хабарланып, оған байланысты ресми шақыру да Татар елі басшылығына мәлімделген.