Ақтөбеде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының экономикалық даму және кәсіпкерлік жөніндегі Комитетінің көшпелі отырысы өтті. Мәжілісте «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» ҚР заңының жүзеге асырылу барысы мен «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» жолының Ақтөбе облысындағы бөлігінің құрылысы мәселелері туралы кеңінен талқыланды. |