Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысында біздің облыс республика бойынша екінші орын алды. Орташа балл — 78,7. Сынаққа қатысқан 5573 оқушының 861-і (15,4 пайыз)100 және 100-ден жоғары балл жинады. «Алтын белгі» аттестатына үміткер 312 түлектің 109-ы (34,3 пайыз) білімдерін дәлелдеді. Шектеулі балл жинай алмағандардың үлесі — 21,5 пайыз. Былтырмен салыстырғанда «екілік» алғандар да аз емес: 4 пайызға өсті. Бұл — 333 бала «2» алды деген сөз. Осындай төмен көрсеткіштерге қарамастан, біздің облыстың білім сапасы еліміздің өзге өңірлерімен салыстырғанда жоғары көрсеткішке ие.


















Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы